Навигация

  • Обновление данных

    Данные из программы aSc Расписания были обновлены
  • 30/09/2016

    Білім саласы қызметкерлерін төл мерекелері - Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!

    Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мерке. Себебі, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей тәлімгерге байланысты. Елбасының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық базасын замануи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығаййтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз. Бұл сіздердің Қазақстан азаматтарын өз елінің патриоты және тәрбиелі әрі жауапты адам етіп тәрбиелеп шығатындарыңызға сенімдіміз. Құрметі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері! Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар, ізгі махаббат пен мейірім тілейміз!






  • Пользователи с мобильными устройствами

    Пользователи с мобильными устройствами

    Уважаемые пользователи с мобильными устроуствами,

    вы также можете проверить свое расписание на вашем мобильном устройстве. Если у вас есть iPad, iPhone или телефон \ планшета с Android, вы скоро сможете скачать программы, работающие на этих платформах.

    Больше информаций here.

  • Расписания и Замены

    Расписания и Замены

    Уважаемые учащиеся и учителя,

    теперь вы можете просмотреть расписания и ежедневные замены в интернете. Просто нажмите на ссылку в верхней части страницы.

  • № 81 «Astana English School» гимназиясы

    № 81 «Astana English School» гимназиясы
    1200 орынға арналған Дарынды балаларға арналған жаңа № 81 «Astana English School» гимназиясы 2015 жылдың 1 қыркүйегінде ашылды. Білім ордасының басшысы Білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты ұстаз - Садыкова Гүлнар Дінғуатқызы.
    Мектепте қазіргі заман талабына сай жабдықталған 54 оқу кабинеттері, 2 – мультимедиялық, компьютер сыныптары, ғылыми-танымдық және көркем әдебиеттің мол қоры жинақталған кітапхана, спорттық, шығармашылық бағыттағы үйірмелер, оқушыларға педагогикалық-психологиялық қызмет көрсету - шәкірттеріміздің жаңа танымдық биіктерге көтерілуіне негіз болып отыр.
    Гимназияда сабақ қазақ және ағылшын тілдерінде оқытылады. Гимназияға 1-7 –сынып оқушылары ағылшын тілінен тест тапсыру арқылы қабылданды. 8- сыныптан бастап негізгі пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
    Оқу жылының басында  гимназиямызға  87 оқушы қабылданды, екінші 1 – тоқсанды 101 оқушымен аяқтады. «Білікті педагог–білім мен тәрбие кепілі» дегендей, бүгінгі күні гимназияда қызмет етіп жатқан педагогтардың жалпы саны - 40. Жоғарғы санатты -11  , бірінші санатты -6, екінші санатты -5.  Сонымен қатар, 3 шет ел мамандары жұмыс жасауда. Лидерер Зигрид, Дела Круз Марикона.
     Педагогикалық ұжымда кәсіби шеберлігі қалыптасқан, тәжірибесі мол, білікті кадрлар құрамының болуы да – гимназияда оқыту мазмұнын жетілдірудің алғышарттары болып табылады.
             Гимназияда ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын болғандықтан қосымша «English Literature», «Grammar», «Science», «World Culture», «Math» факультатив сабақтары «English Speaking Club», «English Theatre» үйірмелері ағылшын тілінде жүргізіледі.
    Гимназияда 14 үйірме жұмыс істейді. «Сөз өнері», «Хореграфия», «Кескіндеу», «Шахмат», «Каратэ», «Ушу», «Вокал», «Хор», «Домбыра», «Волейбол», «Кіші футбол», «Қолөнер», «Француз тілін үйренейік», «WEB-дизайн негіздері және HTML тілі». Барлық оқушылар үйірмемен қамтылған.
              Гимназия толық күндік режимде жұмыс істейді. Таңғы сағат 8.00-13.30 аралығында мемлекеттік стандарт сабақ кестесі бойынша толық орындалады. Түскі астан кейін екінші ауысымда оқушылар үйірме, секциялар, факультатив сабақтарға қатысады. Оқушылар бесіндік асқа барып, қосымша сабақтардан кейін, үй тапсырмаларын орындайды.
    Оқушылардың   сөздік қорын байыту мен сөздердің қалай қолданатынын үйрететін қосымша «Тіл грамматикасы», «Практикалық қазақ тілі» және  тіл байлығы мол, шебер сөйлей білуге үйретуде «Сөз өнері», «Шешендік сөздер» секілді қосымша сабақтарды оқыту қатар жүріп отырады.
    Гимназия оқушылары мектепішілік іс –шаралармен қоса қалалық түрлі байқауларға, пәндік олимпиадаларға қатысып жүлделі орындар иеленуде.    
    Атап айтсақ, 3-4- сынып оқушыларынан құралған топтық құрама қалалық математикадан пәндік олимпиадаға қатысып, грамотамен марапатталды.
    Жас ұрпақты патриоттыққа және азаматтыққа, белсенді өмірлік ұстанымға тәрбиелеу мақсатында Астана қаласы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен қазан айында қалалық «Балалық шағымның қалашағы» деген тақырыпта кинобайқауға 3 «А» сынып оқушысы Жауханов  Ануар қатысып, жүлделі І орынға ие болды.
    Қазан айында ағылшын тілінен өткен Халықаралық «Лев» онлайн байқауына 48 оқушы қатысып, 1- орынды 5 оқушы, 2- орынды 1 оқушы, 3- орынды 2 оқушы иеленіп, қалған оқушыларға  сертификат табысталды.

Новости

Информация о школе

  • 81 "Astana English School" гимназиясы
    Ілияс Омаров көшесі, 2-ғимарат
    info@english-school.kz
  • +7 (7172) 25-90-40
    +7 707 694 6001
    Бухгалтерия: +7 (7172) 25-90-30

Фотогалерея